• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Парламент 06 Маусым, 2017

Сенат заңнамаға әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулерді енгізу қарады

212 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Құжатта еліміздің он бір заңына түзетулер енгізіледі. Енгізілетін өзгерістер ішінде зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мәселелерін реттейтін ережелер бар.

Жобаға сәйкес, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жасына және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдері және бала тууға байланысты жәрдемақы мөлшерлері 20 пайызға өседі. Жасы бойынша зейнетақы тағайындауда қажет табыстың ең жоғары мөлшері 41-ден 46 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Жұмыс берушіге 5 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналарын енгізу 2018 жылдан 2020 жылға ауыстырылады.

Заң жобасы мүгедек балалардың ата-аналарына төленетін жәрдемақыны тағайындау процесін оңтайландыруды көздейді. Атап айтқанда, енді мүгедектікті бастапқы белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде бір мезгілде осындай жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бере алады.

Сондай-ақ, заң жобасына бірмезгілде жасы бойынша алатын зейнетақы және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдарға таңдау мүмкіндігін нақтылайтын ережелер енгізіледі. Қызметін доғарған, өмір бойы қамтамасыз етілген судьяларға еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.